Қоғам

Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бензиннен уланып, ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында жеті жастағы бала бензин иісі бар сұйықтықты абайсызда ішіп қойып, ауруханаға жеткізілді.

Бала

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 мамыр күні Қобда ауданындағы мектептердің бірінде болған. 2019 жылы туған бала улану белгілерімен медициналық мекемеге түскен.

Дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсеткен. Кейін бала облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап, бақылауда болды.

Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақтанып, өміріне қауіп жоқ екені айтылды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған.

Оқиғаға байланысты Ақтөбе облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз