Ақтөбе облысында экс-әкім қызметінен кеткеннен соң бір күн өткесін қайтыс болған
Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов қайтыс болды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 мамыр күні шенеунік қызметінен босату туралы өтініш жазған.
Ал 5 мамырда ол ресми түрде қызметінен босатылған.
6 мамыр күні таңертең Қуанышбек Серікжанов өз үйінен, Кеңқияқ ауылында көз жұмған.
Полиция 42 жастағы ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Белгілі болғандай, Қуанышбек Серікжанов мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бері жұмыс істеген. Ал ауылдық округ әкімі қызметін 2023 жылдан атқарған.
Бұған дейін Ақтөбе облысында осыған ұқсас жағдай тіркелген еді. Ол кезде Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өлі күйінде табылған болатын.