Ақтөбе облысында полициямен болған даудан кейін Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Әлеуметтік желіде тараған видеода түнгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері шенеуніктің қызметтік көлігін тоқтатпақ болған көрінеді.
Алайда жүргізуші полиция талабына бағынбай, кетіп қалуға тырысқан. Көлік тоқтатылғаннан кейін полицейлер, жүргізуші және әкім орынбасары арасында жанжал шыққан.
Бейнежазбада шенеуніктің полиция қызметкеріне: «Мені тоқтату – қателік» және «кейін сенімен сөйлесеміз» деген сөздерді айтқаны естіледі.
Кейін аудан әкімдігі шенеуніктің өз еркімен қызметтен кеткенін хабарлады. Ал жүргізуші полиция жұмысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ бұрынғы әкім орынбасарының әрекетіне қатысты материалдар мемлекеттік қызмет істері органдарына жолданған.