Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Іс сотқа қашан жолданады?
Алматы қаласында қоғам назарын аударған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталу сатысына жақындады. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев хабарлады.
Заңгердің айтуынша, іс бойынша тағайындалған сараптама қорытындыларының барлығы алынған.
Қазіргі уақытта кейбір процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар аяқталғаннан кейін, айдың соңына қарай іс сотқа жолдануы мүмкін.
Кейбір сараптамалардың қорытындысына сәйкес, Zeekr автокөлігінің иесі аса жоғары жылдамдықпен жүргені анықталған.
Әзірге басқа ақпараттар жарияланбайды.
Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға орнында үш адам көз жұмды. Күдікті деп танылған Zeekr жүргізушісі қамауға алынды.