Әлеумет

Алакөлге канализация суы құйылып жатқаны рас па? (видео)

Алматыоблысына қарасты Ақши ауылы тұсындағы Алакөл лайланып жатыр. Бұл туралы facebook.comәлеуметтік желісінде Бауыржан ОМАРОВ есімді азамат жазды.

Алакөлге канализация суы құйылып жатқаны рас па? (видео)

«Бірде шетелдіказаматтық сөзін құлағым шалған еді. Сендерге туризсді дамытуды қажеті қанша?Бұндай табиғат әлемде жоқ! Инфрақұрлымның дамуы табиғаттың жойылуына әкепсоғады деген еді. Өкінішке қарай мен бұл сөбен келісемін. Кішкентайпансионаттың қасына үлкен отель салды. Сол Алакөл суын ластап жатыр», — деп жазып,видеосында жариялады facebook.comқолданушысы Бауыржан Омаров.

Ресмимәліметтерге сүйенсек, былтыр 2018 жылы Алакөл жағалауындағы Ақши мен Көктұмадемалыс аймақтарында 1 млн 17 мың адам демалған. 2017 жылы облыс басшысыАмандық БАТАЛОВ көл жағасының инфрақұрлымды дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6млрд теңге бөлгенін мәлімдеген еді.

2018жылы Алматы облысына арнайы сапармен келген экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «АлакөлҚазақстан бойынша ең көп демалушылар келетін орынға айналуы тиіс» деп тапсырмаберген.

Qaznet-те Алакөлге канализация суы құйылып жатыр деген деақпараттар тарай бастады. Алайда, Алакөл ауданы басшылығы бұл ақпаратты жоққашығарады.

«Бұл — көлдің таза суы. Алакөлдің суын бассейнге пайдаланып, қайтадан өзінеқұяды. Оған химикат қосылмайды. Суды шамамен жетісіне бір рет ауыстырады.Демалыс үйінің артында канализация суы құйылатын мың текше метрлік септиктұрғанын көрдік. Қазір санитарлық эпидемиологиялық станция мамандары судытексереді. Қорытындысы жайлы тағы ақпарат береміз. Ластанғаны анықталса, жаптырып,септик жасаттырамыз», — деген Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын ШАЛКЕНОВ Азаттықрадиосыныңтілшісіне.

Фото:azattyq.org

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз