Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:20

Әлиев ұшақ апатына кінәлілерді жазаға тартуды талап етті

алиев
Фото: из открытых источников

6 қаңтарда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтауда апатқа ұшыраған «Embraer 190» жолаушылар ұшағы экипажының қаза болған мүшелерінің отбасымен және аман қалған бортсеріктермен кездесті. 

«Экипаждың қаза болған үш мүшесі ең жоғары Ұлттық батыр атағы, тірі қалған екі мүшесіне жоғары мемлекеттік марапат берілді. Жақын адамдарын жоғалтып отырған отбасылар үшін бұл, аз да болса, көңілге жұбаныш болар. Бұл Әзербайжан мемлекетінің азаматтарына деген қатынасын көрсетеді», – деді Ильхам Әлиев.

Әзербайжан президенті апатқа кінәлілердің кімдер екенін тағы да бір мәрте қайталап өтті.«Әзербайжан азаматтарының апатқа ұшырап, қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сенімді түрде айта аламын. Біз әділдікті талап етеміз. Кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеміз. Ашық әрі адами әрекетті талап етеміз. Бұл қайғылы оқиғаны толық тергеп-тексеруде және кінәлілерді жауапқа тартуда маңызды сәт», – деді Әлиев.

Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путин ұшақтың Ресей аспанында зақынданғаны үшін кешірім сұраған болатын.