Тоқаев ОСК мен Жоғары аудиторлық палатаның төрағаларын тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның басшыларын тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды.
Ақорда баспасөз қызметі жариялаған құжаттарға сәйкес, Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
Ал Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Осылайша, екі басшы да бұрынғы қызметтерін жалғастырады. Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясын 2022 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметіне 2024 жылдың сәуірінде тағайындалған.