Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:56, 16 Мамыр 2024

Әлихан Смайылов ашулы

d
Фото: из открытых источников

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы 150,4 млн теңге негізсіз жұмсаған. Бұл туралы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жоғары аудиторлық палата отырысында анықталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Мәселен, 2023 жылғы желтоқсанда Тексеру комиссиясының жекелеген қызметкерлеріне «лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін» 6,5 млн теңге сомаға бірнеше рет сыйлықақы төленген. Атап айтқанда, жұмысқа қабылданған сәттен бастап бір тоқсаннан аз жұмыс істеген адамдарға 5 рет сыйлықақы берілген. 

Бұл іссапарға жіберілген қызметкерлерге тұрғын үй жалдауға тиісті соманы төлемеу және жекелеген мемлекеттік қызметшілерге тиесілі бонустарды төлемеу аясында болған.

Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары жұмыс нәтижелерін бағалау жүргізілмеген және жоғары еңбек тиімділігі расталмаған инспекторларға 2022 жылы – 4,5 млн теңге, 2023 жылы – 17,2 млн теңге көлемінде сыйақылар төленген.

Жалпы, 150,4 млн теңге негізсіз жұмсалған.

2022-2023 жылдары аудиторлық ұйымдарды тартудың нақты қажеттілігінің болмауына байланысты 150,4 млн теңге көлеміндегі шығыстар басқа бағыттарға, оның ішінде негізгі бөлігі сыйлықақы төлеуге бағытталған. Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы сыйлықақылар мен бонустарды төлеу мәселелерінде заңнама талаптарын толық сақтамаған, делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 2022 жылғы 1 қаңтар – 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңге тексеру жасаған. Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті лауазымды адамдардың жауапкершілігі қаралатыны айтылды.

Фото: Жоғары аудиторлық палата