Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:57, 23 Қазан 2023

Алматы 60 жастағы ер адам 10 жасар қызды зорлаған

1
Фото: из открытых источников

 

Істің тергелу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.

Алматы облысында полицейлер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды қамауға алды,  деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ. есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Қазір бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергелу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.