Өңір

Алматы - Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданындағы республикалық автожолдың 333-шақырымында болған.

апат

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry-дің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қаза тапты. Зардап шеккен тағы үш адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз