Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:23, 24 Қаңтар 2024

Алматы маңындағы өнеркәсіп аймағынан алапат өрт шықты

өрт
Фото: из открытых источников

Алматы облысы Первомай өнеркәсіп аймағында полиэтилен өнімдері сақталған қойма өртенді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7 шамасында Іле ауданының Первомай өнеркәсіп аймағында металл конструкцияларынан жасалған, аумағы 3 600 шаршы метр болатын полиэтилен тауарлары сақталған қоймадан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Сағат 7.20–да алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен отқа оранған еді. Сонымен қатар шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күш-құралдары жіберілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі — өрт туралы кеш хабарлау. Сонымен қатар ең жақын орналасқан Боралдай кентінің 9-өрт сөндіру бөлімінен арақашықтық — 15 км. Облыс орталығынан — 87 км, — делінген хабарламада.

Өрт сағат 9.12–де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеді. Ең жақын өрт гидранты 500 метр қашықтықта орналасқан. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: