Оқиғалар

Алматы облысында көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Алматы облысында құтқарушылар жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте қысылып қалған жүргізушіні құтқарып қалды.

Құтқару

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін 112 пультіне Қарасай ауданының Шалқар ауылы маңында жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуынан болған жол апаты туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, көлікте қысылып қалған зардап шегушіні шығарып алды. Кейін жүргізуші дәрігерлерге тапсырылып, оған қажетті көмек көрсетілді. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз