Қоғам

Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетелдік елден шығарылды

Алматы облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар аяқталды, оның қорытындысы бойынша 50 шетелдік елеулі бұзушылықтар үшін елден шығарылды.

в

ІІМ мәліметінше, бұзушылықтардың 1037 фактісі анықталған.

– Бұзушылықтардың көпшілігін, яғни 1001 жағдайды ТМД елдерінің азаматтары, тағы 36-сын алыс шетелдердің азаматтары жасады. Негізгі мәселелер рұқсат етілген мерзім аяқталғаннан кейін (449 жағдай) елден уақытылы кетпеу және 10 күннен артық (480 жағдай) кетуден жалтару болды. Сондай-ақ заңсыз еңбек қызметіне байланысты 85 бұзушылық тіркелді, – деді Алматы облысы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.

Бұдан басқа, тексеру нәтижесінде шетелдіктерді қабылдаған жеке және заңды тұлғаларды қоса алғанда 237 адам заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

5 күн ішінде 481 адам есепке алынды, ал 23 бұзушы қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Төрт бұзушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ережеге сәйкес, қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде көші-қон органдарын шетелдік азаматтың келгені туралы хабардар етуге міндетті. Әйтпесе, жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады, ал заңды бұзған шетелдіктер елден шығарылуы мүмкін. 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз