Қоғам

Алматы облысының тауларында адасып кеткен туристер 7 сағаттан соң табылды

Алматы облысының Қарасай ауданы Үлкен Алматы тауларында 7 адам 8 қыркүйек күні таңертең таулы жорыққа шығып, қараңғы түскенге дейін уақытқа қарамай, адасып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару жұмыстарының 15 сағаттан астам уақытқа созылғанын айтты.

п

Саяхат кезінде екі турист өзін жайсыз сезініп, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Құтқарушылар тобы бөлініп, құтқару жұмыстарын жаяу жүргізді. Бұл іздестіру жұмыстарын қиындатты. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы тәуліктің түнгі мезгілінде төмен температурада күрделі жартасты бедерде іздестіру жүргізіп, туристерді 7 сағаттан соң тапты, делінген хабарламада.

Туристер қатты шаршап, тоңып қалған. «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел түрде барып, туристерді Алматы қаласына эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

 

Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз