Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:23, 19 Сәуір 2024

«Алматы Су» бас директорының орынбасары қамауға алынды

в
Фото:

«Алматы Су» бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды.

Алматы қаласы бойынша департаментімен ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді. Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған істер бойынша тергеу жалғасуда. 

Фото: Антикор