Бүгін, 11:45
Алматы тұрғыны автобуста әйелді соққыға жыққан
Қалалық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы Алматы тұрғынын ұстады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, оқиға кеше болған. Қоғамдық көлік ішінде телефон арқылы қатты сөйлескен әйелге наразы болған ер адам оған дене жарақатын салған.
«Бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.