Live

Индонезияда жанартау маңына барған 8 адам хабар-ошарсыз кетті

7 қыркүйекте 5 журналистпен қоса алғанда, 8 адам Анак-Кракатау жанартауына жылдам жүретін катермен барған.

Вулкан

 Олар жанартау атқылауының салдарын түсіруді жоспарлаған. Алайда топ белгіленген уақытта қайтып келмеген, ал катермен байланыс үзілген. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастап кетті. Алайда теңіздегі биік толқындар, лай және жанартау күлі іздеуді қиындатып отыр. Топпен соңғы байланыс дүйсенбі күні орнаған.

Анак-Кракатау жанартауы 5 қыркүйекте атқылай бастады. Оның күлі Джакартаға дейін жетіп, әуежайлардың жұмысына кедергі келтірген. Атқылауға байланысты мыңдаған рейс кейінге шегеріліп немесе тоқтатылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз