11:00, 25 Желтоқсан 2024
Алматыда 20 жастағы кикбоксшыны өлтіріп кеткен
Алматыда 24 желтоқсанда 20 жастағы жігіт өлтірілді. Күдікті қамауға алынды.
Жас жігіттің өлімімен аяқталған оқиға Наурызбай ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс жігіттер арасында жанжал шығып, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған.
«Наурызбай аудандық полиция бөлімі 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады .
Әлеуметтік желідегі кейбір ақпарат көздері марқұмның кикбоксшы Әли Серік екенін хабарлайды.
Әли Серік – әйгілі ONE Championship ұйымында өнер көрсеткен кәсіби кикбоксшы. 2022 жылы ол Малайзияда муай-тайдан ересектер арасында ең жас әлем чемпионы (А класы) атанды.