Қоғам

Алматыда көпшіліктің алдында «дипломын жыртып тастаған» түлек 5 тәулікке қамалды

Алматы қаласының полициясы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok платформасында қоғамда қызу талқыланған бейнежазбаны анықтады.

Алматы

Тексеру барысында жекеменшік колледждердің бірінің түлегі диплом табыстау рәсімінен кейін көпшілік алдында дипломын жыртып жатқандай көрініс жасаған видеоны жариялағаны белгілі болды.

Алайда полиция жүргізген тексеру нәтижесінде дипломның түпнұсқасы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны берген түпнұсқа мұқабасы бүлінбегені анықталды. Бейнежазбада алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған.

Соған қарамастан жарияланған видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызып, полицияның тексеру жүргізуіне негіз болған.

Тексеру қорытындысы бойынша бейнежазба авторы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес, сот оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз