Оқиғалар

Алматыда көпқабатты үйдің тұрғындарға ортақ балконынан 21 жастағы жігіт құлап кетті

Алматы қаласының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болды.

Полиция

Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары дереу жеткен. Марқұмның жеке басы жедел анықталып, оның ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайдың алдында жас жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген. Бұл және өзге де мән-жайлар тергеу барысында жан-жақты тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың себептері мен ықтимал алғышарттарын анықтап жатыр.

Сонымен қатар марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды болуы мүмкін өзге де деректер зерделенуде.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз