Әлеумет

Алматыда пәтерге адам тіркеу тәртібі өзгереді

Алматы мәслихаты тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қатысты жаңа талаптарды қолдады.

Пәтер

Жаңа ережеге сәйкес, тұрғын үйдің әрбір тіркелген тұрғынына кемінде 15 шаршы метр жалпы алаң қарастырылуы тиіс.

Алайда бұл талап баспана иесінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қолданылмайды.

Жаңа тәртіп қала аумағында нақты қанша адамның тұратынын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде аудандардағы мектептер, емханалар, коммуналдық жүйелер және басқа да қалалық инфрақұрылым нысандарына түсетін жүктемені жоспарлауға көмектеседі.

Осылайша, ауданы 35 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерге жүздеген адамды тіркеу мүмкін болмайды. Бұған дейін Алматыдағы осындай пәтерлердің бірінде өте көп адамның тіркелгені анықталған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз