Дания парламенті Трамппен Гренландияға қатысты келісімді бірауыздан мақұлдады
Дания парламенті Трамппен Гренландияға қатысты келісімді бірауыздан мақұлдады
Дания парламенті бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен Гренландияның қауіпсіздігіне қатысты жасалған келісімді ратификациялады. Құжат Арктикадағы аралдың болашағына байланысты туындаған келіспеушіліктерді реттеуге бағытталған. Бұл мәселе НАТО одақтастары арасындағы қарым-қатынасты ушықтырған еді.
Қыркүйек айында АҚШ, Дания және Гренландия арасында қол қойылған келісім Вашингтонның аралдағы әскери мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, құжат АҚШ-тың «Алтын күмбез» (Golden Dome) зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастыруына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар келісімде Данияның Гренландияға қатысты егемендігі және арал тұрғындарының өзін-өзі басқару құқығы сақталатыны бекітілген.
Құжатты ратификациялауды 109 депутат қолдаған. Қарсы дауыс бергендер болмаған.
Келісім Дания Сыртқы істер министрлігі қажетті рәсімдердің аяқталғаны туралы АҚШ-қа ресми хабарлама жібергеннен кейін күшіне енеді.