Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:57, 30 Қазан 2024

Алматыда сарбазды ұрып өлтірді деп айыпталған лейтенантқа үкім шықты

п
Фото: gov.kz
Алматыда сарбазды ұрып-соғып, өлтірді деп айыпталған лейтенантқа үкім шықты.

Соттың мәліметінше, сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Н. Жексембиев қарады.

Бұл іс бойынша лейтенант Шәкиров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

«Сот Ж.Шәкіровті «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді», - делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы Құлсары қаласынан әскерге шақырылған Досымжан Сәлімжан борышын Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде өтеп жүрген. Биыл мамырда әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң сонда көз жұмды.

Тегтер: