Қоғам

Қазақстан мен Түркия арасындағы 1995 жылғы келісімге өзгеріс енгізіледі

Қазақстан Түркиямен 1995 жылы жасалған азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімге өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

Түркия

Үкімет қаулысының жобасында аталған келісім Қазақстан мен Түркия аумағында құрылған жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайтыны көрсетілген.

Құжатқа өзгеріс енгізу арқылы Қазақстан Түркияға дипломатиялық арналармен елдегі құқықтық көмек көрсетуге жауапты орталық органдар туралы ақпарат, олардың функциялары мен байланыс деректерін хабарламақ.

Осы мақсатта келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама әзірленген. Оның күшіне енуі үшін Қазақстан заң жобасын да дайындаған.

Енді «1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын Құрылтайдың қарауына ұсыну жоспарланып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз