Қоғам

Алматыда шаңды дауыл көтерілді

Алматыда қатты желдің салдарынан шаң мен құм көтеріліп, қала аумағында шаңды дауыл соқты.

Дауыл

Көшелерді қою шаң басып, ауа сарғыш түске боялды. Желідегілер табиғат құбылысын «Дюна» фильміндегі Арракис планетасының көрінісіне ұқсатты. Әлеуметтік желілерде алматылықтар шаңды дауылдың видеолары мен фотоларын белсенді түрде жариялап жатыр.

Кадрларда желдің екпінімен көтерілген шаңның көшелерді тұмшалап, қала көрінісін өзгерткені байқалады.

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға сыртқа шығуды шектеп, терезелерді жауып, қажетсіз жағдайда көлікпен жолға шықпауға кеңес береді.

Тегтер: Алматы Дауыл
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз