09:15, 27 Сәуір 2025
Алматыда түнде қонақүй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды

27 сәуірге қараған түні Алматы қаласындағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Бостандық ауданында орналасқан төрт қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы бөлмеден тұтанған. Бұл қонақүй кейіннен жатақхана ретінде қайта жабдықталған екен.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті толық сөндірді. Манас көшесінде орналасқан ғимараттың бірінші қабатындағы бөлмеде өрт шыққаны анықталды," – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен ғимараттан 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді.