Live

Алматыда жұртшылық Мұхтар Шахановпен қоштасып, ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда жұртшылық қазақ поэзиясының алып тұлғасы, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановпен қоштасты.

Мұхтар Шаханов

Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары жиналып, оның рухына тағзым етті.

Алматыдағы қоштасу рәсімі барысында жиналғандар ақынның шығармашылығы мен елдік мүдде жолындағы қайраткерлігін еске алып, оның артында қалған мол мұрасы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын айтты.

«22 сәуірде Арыстан баб кесенесінің маңындағы академик Өмірзақ Айтбаев, Көпен Әмірбек жерленген зиратқа қойылады», - деп хабарлады жазушы Құдияр Біләл.

Қоштасу рәсімінен кейін Мұхтар Шахановтың денесі Отырарға жеткізіледі. Ол Арыстан баб кесенесінің жанынан жер қойнына тапсырылады.

Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасында дүниеден өтті. Соңғы айларда ол ауыр сырқатпен күрескен.

Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жолдады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз