Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:51, 08 Ақпан 2024

Алматыдағы лай көшкінінен барлық отбасы мүшелері қаза болды

көшкін
Фото: из открытых источников

Алматының Медеу ауданында 2024 жылдың 8 ақпанына қараған түні көшкін болған жерден қаза тапқандардың – екі ересек пен екі баланың мәйіттері табылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылды. Белгілі болғандай, төртеуі де бір отбасының мүшелері.

«Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылғы екі жас жігіттің денесін шығарды», - деп хабарлады қалалық ТЖД. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетуде.