Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:53, 08 Ақпан 2024

Алматыдағы лай көшкініне не себеп болды : "Қазселденқорғау" жауап берді

көшкін
Фото: из открытых источников

"Қазселденқорғау" мекемесі Алматыдағы лай көшкініне не себеп болғанын атады, деп жазды Zhasalash.kz

Ведомство ақпаратына сәйкес, баурайда құбыр жарылған. Сондай-ақ лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 м³ екені анықталды. 

"2024 жылғы 8 ақпан күні сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған су құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін лай Алматы қаласы Медеу ауданы Тау Самалы ықшам ауданы, Олимпийская көшесіндегі №3А және №3 үйлерге аққан", – делінген "Қазселденқорғау" ММ ресми Instagram парақшасында.

Генезисі бойынша көшкін техногендік болып жіктеледі.

"Тау беткейі балшық тәрізді саздақтардан (шөкпе топырағы) тұрады, бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен 45-50 градус. Лай көшкіні Олимпийская көшесіндегі қосалқы құрылыстары бар №3А тұрғын үйді қиратып, және жақын маңдағы №3 үйді ішінара зақымдады. ", – деп қосты департаментте.