Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:23, 02 Тамыз 2024

Алматылық белсенді Абзал Достияров 20 тәулікке қамауға алынды

а
Фото: Абзал Достияровтың facebook парақшасынан

Алматыда азаматтық белсенді Абзал Достияров 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Азаттық радиосының ақпаратынша, ол 1 тамызда Алматы облысында журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша Қонаев қаласындағы сот отырысына көлігімен бара жатқанда ұсталған.

Белсенді Достияровқа қатысты сот Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылындағы полиция бөлімінде өтті. Оған «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу» (ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі) бойынша айып тағылды.

Сотқа қатысқан адвокат Төлеген Берліқожаның айтуынша, Достияровқа 15 шілде күні Қонаев қаласында журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сот процесі кезінде "заңсыз митингіге қатысты" деп айып таққан. Оны Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы уақытша изоляторға апарып қамауы мүмкін, деп жазады басылым.