Әлеумет

Алматы әуежайында адам өліміне байланысты тергеу басталды

Алматы халықаралық әуежайында адам өліміне әкеп соққан оқиға тіркелді.

Көлік полициясы

Қазір көлік полициясы еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, іс еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соғу бабымен қозғалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция әзірге қаза тапқан адамның кім екенін және оқиғаның қалай болғанын жариялаған жоқ. Ведомство қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты таратылмайтынын мәлімдеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз