Без Категории

Алматы мен Нұр-Сұлтанда демалыс 11 сәуірге дейін созылды

Төтенше жағдайда құрылған мемлекеттік комиссиясы Алматы мен Нұр-Сұлтандағы демалысты 11 сәуірге дейін созды.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда демалыс 11 сәуірге дейін созылды

Демалыс кезінде халық жұмыс істемейді, көшеге тек азық-түлік, дәрі-дәрмекке ғана шыға алады. Дәрігерлер, полицейлер, коммуналдық қызметкерлер ғана жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік комиссия Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте тез салынатын аурухана тұрғызу туралы шешім қабылдаған.

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сай, Шымкент те 4 сәуірден бастап карантинге жабылмақ. Қазір Қазақстанның барлық облысында карантинде я шектеу қойылған.

Қазір Қазақстанда 453 адамнан вирус табылды. 29 адам (Алматыда 13 науқас, Нұр-Сұлтанда 16 науқас) Covid-19 дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз