Без Категории

Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция митингі өтеді деген аумақта белсенділерді ұстай бастады

1 наурыз түс кезінде Алматыдағы Республика алаңы аумағында полиция оннан астам адамды ұстап әкетті.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция митингі өтеді деген аумақта белсенділерді ұстай бастады

Олардың кейбірінің қолында бірнеше күн бұрын астанадағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қаза болған белсенді Дулат Ағаділдің суреті болған. Полиция митинг орны ретінде белгіленген орынға жеткізбей белсенділерді ұстаған.

Нұр-Сұлтанда Азаттық тілшісі Абай ескертішінің маңында 14 адамның ұсталғанын көрді.

(Жаңалық толықтырылады).

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз