Без Категории

Алматы облысында Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан вирус табылған

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 наурызда түс кезінде Алматы облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді.

Алматы облысында Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан вирус табылған

Coronavirus2020.kz сайтының дерегінше, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынына вирус жұқққаны анықталған. Ер адам 29 наурызда Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Диагнозы расталған.

Карантинге жатқызылмай тұрып, науқас Алматыда артриттен емделген.

"Ер адаммен байланыста болған екі адам анықталып, провизорлық стационарға жатқызылды" делінген сайтта. Соңғы дерек бойынша, Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталған. Жалпы Қазақстанда науқастар саны 294 адамға жетті. 20 адам айыққан. 1 адам көз жұмған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз