Аймақ

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 тамызда Еңбекшіқазақ ауданында болған.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

«Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында Audi көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Renault көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды. Үш бала ауруханаға жеткізілді», — делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы бойынша «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз