Алматы тұрғындары көлік кептелісіне шағымданып жатыр (видео)
Алматы тұрғындары бірнешешақырымға созылған көлік кептелесіне шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы мен қаланыңшекарасындағы бекетте бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайдаболған.
Алматы тұрғыны Маргарита Говорухинаның айтуынша, олотбасымен бірге Алматы облысында орналасқан саяжайына барған. Ол қалаға кіреалмай тұрғанына ашулы. Көлік кептелісіне тұрғанына 6 сағат болыпты.
«Жексенбіде кешке саяжайдан қалаға аттандық. Саяжайымыз қаладан алысемес. Көлік кептелісінде 2 сағат тұрған соң „саяжайда қонамыз“ депшешім қабылдадық. Таңғы 5-те жолға шықтық. Себебі, маған жұмысқа бару керекеді. 2 сағатта қалаға жетеміз деп ойладық. Бірақ қазір сағат 10:15, әлі көліккептелесінде тұрмыз. Мұнда тұрғанымызға 6 сағат болды», — дейді тұрғын.