Аймақ

Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Бұған қала күнін тойлау және ауылшаруашылық жәрмеңкесі себеп болды.

Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Оңтүстік астанада қала күнін тойлау және ауылшаруашылық жәрмеңкесіне байланысты бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі. 

Әкімдік «Астана алаңында Almaty Cover Show фестивалі өтеді, сол себепті 14-17 қыркүйек 8:00-24:00 аралығында Төле би көшесінің Назарбаевтан Абылай ханға дейінгі бөлігі, ал ауылшаруашылық жәрмеңкесінің ұйымдастырылуына орай 15-17 қыркүйек 8:00-20:00 аралығында Сәтбаевтың Достықтан Уәлихановқа дейінгі бөлігі жабылады» — деп хабарлады.

Билік өкілдері турникеттерді кеше таңертең қоя бастаған еді, бірақ кешке қарай ресми мәлімдеме жасады.

Тегтер: Без Тега

Оқыңыз