Оқиғалар

Алматыда фирмалардың бірінен 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланды (видео)

Алматыда фирмалардың бірінің кеңсесінен 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланды, – деп хабарлайды «Жас Алаш»Polisia.

Алматыда фирмалардың бірінен 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланды (видео)

kz-ке сілтеме жасап. 

Күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

– Бұл қылмыс 31 тамызға қараған түні болды. Рысқұлов даңғылында орналасқан қалалық фирмалардың бірінің кеңсесінен белгісіз адамдар 105 миллион теңге салынған сейфті ұрлап кеткен. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Компаниялардың бейнебақылау камераларындағы деректер зерттелді: қаскөйлер беттерін мұқият жасырды. Бірақ, жедел іс-шара көрсеткендей, белгісіз қалуға тырысу нәтижесіз болды. Күдіктілердің екеуі де анықталып, қамауға алынды. Бұл 1992 және 1993 жылдары туылған жергілікті тұрғындар. Бұған дейін олар мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Айғақты заттар, оның ішінде ұрланған ақшалар. Іс жүргізу тәртіпте олар шын иесіне қайтарылды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз