Өңір

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың барысы тексерілді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев және Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов бірқатар ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанд

Алматы әкімдігі

Жұмыс барысында Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамыту жоспары қаралды. Сондай-ақ Саин көшесі мен Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жобаларын қоса алғанда, жол құрылысының барысы тексерілді.

Әлеуметтік нысандардың ішінде № 7 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту, № 1 перзентхананы және ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салу жобалары талқыланды.

жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігі/Жол жөндей жұмыстары

Бұдан бөлек, Алматы мен оған іргелес аумақтардағы шамамен 200 мың тұрғынды кәріз жүйесімен қамтитын Батыс кәріз коллекторының құрылысы қаралды.

Дархан Сатыбалды жобаларды жоспарлау кезінде бүкіл агломерацияның қажеттілігін ескеру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қала мен қала маңындағы тұрғындардың жолдарға, инженерлік инфрақұрылымға және әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз