Без Категории

Алматыда кейінгі күні вирус жұқтырған 27 адамның бәрі - медқызметкер

Соңғы тәулікте Алматы қаласында 27 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, барлығы медицина қызметкерлері.

Алматыда кейінгі күні вирус жұқтырған 27 адамның бәрі - медқызметкер

Бұл ақпаратты Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйеніп, биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялады.

Ақпаратқа қарағанда, коронавирус жұқтырған дәрігерлердің 21-і — әйел, алтауы — ер адам. Әйелдердің біреуі — жүкті. Екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты — ауыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетіп жатқан қалалық орталық клиникалық аурухана қызметкерлері. Тағы 7 адам балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейді.

«Осы факті бойынша қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық қалалық клиника ішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді» дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

13 сәуірдегі ақпарат бойынша Алматыда коронавирус жұқтырғандар 172-ге жеткен. 49 адам сауығып, екі адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда осыдан тура бір ай бұрын тіркелген, 13 сәуір 14.50-дегі мәлімет бойынша 979 адамға жетті. 110 азамат дерттен жазылып, 12 адам қайтыс болды.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз