Алматыда кептеліске байланысты блокбекеттердегі бақылау күшейтілді
Алматының кіре берісінде тағы да бірнеше шақырымға созылған кептеліспайда болды.
Жүргізушілер қалаға кіру үшін жол қозғалысы ережелерін бұзыпжатыр. Осыған байланысты полицейлер блокбекеттердегі бақылауды күшейткен.
Кептелістің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасындажарияланды. Видео авторларының бірі үйден жұмысқа таңғы 05.00-де шықса дажұмысқа кешіккенін жазған.
Осыған байланысты Алматы полиция департаменті тұрғындардан жол қозғалысыережелерін бұзбауға шақырады. Осы мақсатта блокбекеттерге қосымша полицияжасақтарының жұмылғаны айтылады.
Сондай-ақ, ереже бұзған жүргізушілердің ерте ме, кеш пе заң бойыншажазаланатыны айтылды.
«Біз қосымша жол полициясы жасақтарын жұмылдырдық. Олар кептеліс көпболып жатқан аумақтардағы блокбекеттерде тұрады», — деді полицейлер.
Ведомство өкілдерінің айутынша, блокбекеттердегі жағдай үнемі бақылауда.