Оқиғалар

Алматыда самсаның үстінде егеуқұйрық жүр (видео)

Алматыда самсаның үстінде жүрген егеуқұйрық видеоға түсірілді. Санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексеретіндіктерін мәлімдеді.

Алматыда самсаның үстінде егеуқұйрық жүр (видео)

Кадрда егеуқұйрық самса және тағы басқа пісірілген тағамның үстінде жүріп, соңында біреуін жеп жатқанын көруге болады. Ролик авторы егеуқұйрықтың ештеңеден қорықпайтынын атап өтті. Бұл видео kris_p_almaty инстаграм парақшасында қызу талқыға түсіп жатыр. 

«Жігіттер, Саяхаттан самса алып жемеңдер: егеуқұйрық жүр. Ал біз осы самсаны жейміз», — деді ролик авторы.

Ролик желіге салынғаннан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Саяхатты тексерді.

«Видеода көрсетілгендей егеуқұйрық жүрген „Донерная“ дүңгіршегі Сүйінбай, 2 мекенжайындағы „Мерей“ сауда орталығының территорисында орналасқан. Жұмысшылар дүңгіршек ішінде жабдықтарды қайта жөндеді. Дүңгіршек бүгінде жұмыс істемейді», — деді Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз