Өңір

Алматыда жасанды интеллектке арналған екі ірі орталық ашылады

Алматыда жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған Almaty AI Hub және Almaty AI Park жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Алматы

Екі нысан да білім беру, ғылыми зерттеу, стартаптар мен технологиялық компаниялардың жұмысын бір ортаға біріктіреді.

Көктем-3 шағынауданында орналасатын Almaty AI Hub қайта жаңғыртылып жатқан, жалпы ауданы 9,4 мың шаршы метрден асатын ғимаратта ашылады. Мұнда 556 жұмыс орны, IT және AI компанияларына, стартаптар мен әзірлеушілерге арналған кеңістіктер, коворкингтер, білім беру алаңдары және конференц-залдар болады. Сонымен қатар хаб аумағында Tomorrow School мектебі мен AI Campus инфрақұрылымы орналасады.

Ал Almaty AI Park 4,9 гектар аумақта бой көтереді. Оның құрамында ғылыми-зерттеу және жасанды интеллект зертханалары, кеңселер, коворкинг, акселератор, бизнес-инкубатор, білім беру және іс-шараларға арналған алаңдар, сондай-ақ университет болады.

Жоба екі кезеңмен іске асырылады. Бірінші кезеңді 2027 жылдың желтоқсанында, екінші кезеңді 2028 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Екі орталық та мамандар даярлауға, стартаптарды дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге арналған ортақ экожүйе қалыптастыруды көздейді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз