Аймақ

Алматыдағы Жансүгіров және Тілендиев көшесі жабылады

Сейфуллин мен Жансүгіров арасындағы жолайрықтың салынып жатқанына алты жыл болды.

Алматыдағы Жансүгіров және Тілендиев көшесі жабылады

Әкімдік құрылыс жұмыстарына байланысты бүгін 23:00-де Жансүгіровтің Дарвин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігі жабылатынын хабарлады.

Оны ертең 15:00-де ашады екен.

Жабық аймақты Дарвин, Жарсуат және Ломоносов арқылы айналып өтуге болады. Іргелес көшелерде қозғалыс режимі өзгермейді.

Сонымен қатар 8 қыркүйек 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін мамандар асфальт төсеу үшін Тілендиевтің Қарасай батыр мен Төле би арасындағы бөлігін жабады.

Жұмыс жүретін жерді Өтеген батыр, Брусиловский, Төле би және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз