Без Категории

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды

1978 жылы туған Көлгінов бұған дейін, 2016 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Басылымдар оның Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Мемлекеттік басқару жөніндегі президент жанындағы академияны бітіргенін, "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияның Абердин университетінде оқып келгенін жазады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов болған. Сұлтанов бұл қызметке 2018 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалған еді.

Көлгінов — 12 маусымда Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке тағайындаған үшінші адам. Кеше, 12 маусымда Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты – президент әкімшілігінің жетекшісі, Кәрім Мәсімовті ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз