Саясат

Әмір Қасенов Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалімен марапатталды

Астанада ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов қоғамдық маңызы бар қызметі мен азаматтардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Журналистер одағының Алтын медаліне ие болды.

Әмір Хасенов

Бұл туралы ҚазТаг хабарлады.

Журналистер одағының мәліметінше, Әмір Қасенов 2025 жылы Freedom Finance салымшыларының шағымдарын жариялап, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған материалдар әзірлеген. Сондай-ақ ұйым оның журналистік қызметіне байланысты қылмыстық қудалауға ұшырағанын атап өтті.

Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі қоғамға пайдалы қызметі, қайырымдылық жұмыстары және кәсіби саладағы елеулі жетістіктері үшін беріледі.

Еске салсақ, 15 маусымда сот Әмір Қасеновтің үйқамағын қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына ауыстырған. Осыдан кейін журналист құрғақ аштық жариялады.

Кейін оның денсаулығының нашарлағаны хабарланып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Алайда ол аштық акциясын жалғастырған.

23 маусымда халықаралық «Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымы Әмір Қасеновтің денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Қазіргі уақытта Әмір Қасеновке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұған дейін бірқатар журналистер, құқық қорғаушылар және қоғам қайраткерлері оған қолдау білдірген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз