Аймақ

Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі де өнегелі ұрпақ апталығына белсенді үлес қосуда.

1

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ауласында аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері гүл екті.

1

Аталған мекеме зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарттарға толық мүмкіндіктер жасау арқылы, денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

1

«Әрбір ұрпақтың ел-жұрты, алдыңғы толқын аға буын алдындағы бас тартуға болмайтын, адамдық әрі азаматтық парыздары болады. Біз Жамбыл облысының аналар қауымы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіреміз. Үлкенге құрмет көрсету – жас ұрпақтың міндеті. Осы орайда, жамбылдық аналар акцияға атсалысып 100 гүл екті. Бүгінгі шарамыз да осындай ізгі істің жалғасы болмақ» - деді ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Иниятқызы. 

Бүгінде, облыс бойынша құрылған 162 Аналар алқасының құрамындағы 700-ге жуық аналар игілікті істерге ұйытқы болып, белсенді жұмыс атқаруда.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз