Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:57, 23 Қазан 2023

Антикор Марат Бекетаевтың қамауға алынғанын растады

42
Фото: из открытых источников

Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бұл қызметін босатты

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстағаны туралы хабарлаған болатын.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды», - делінген агенттік хабарламасында.