Без Категории

АҚШ федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25%- ға дейін азайтты

АҚШ президенті Дональд Трамп базалық мөлшерлемені 0 — 0,25%- ға дейін азайту туралы федералды резерв жүйесінің шешімін мақұлдады.

АҚШ федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25%- ға дейін азайтты

Бұған дейін Трамп коронавирустан туған дағдарысқа тиімді қарсы тұру үшін ФРЖ басшылығын пайыздық мөлшерлемені төмендетуге шақырған.

Банк Goldman Sachs Group пандемияға байланысты АҚШ-тың бірінші кварталдағы экономика өсімі жайлы болжамды төмендетті. Банк биылдың алғашқы үш айындағы жалпы ішкі өнім бастапқы болжамдағыдай 0,7% емес, 0% деп бағалады.

Банк болжамынша, екінші кварталда өсім орнына 0,5% құлдырайды, үшінші кварталда АҚШ жалпы ішкі өнімі 1% — 3% аралығында болады.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз