Без Категории

АҚШ пен Ресей ғарыш қауіпсіздігі мәселесін талқылады

АҚШ және Ресейдің ресми тұлғалары ғарыш қауіпсіздігі мәселесін талқылады. АҚШ пен Ұлыбритания өткен аптада Мәскеуді спутникті жоятын қаруды сынақтан өткізді деп айыптаған еді.

АҚШ пен Ресей ғарыш қауіпсіздігі мәселесін талқылады

27 шілдеде Венада өткен бір күндік жиын бір ай бұрын жоспарланған болатын. Үш күннен соң мұнда ядролық қаруды бақылау жөніндегі жиын өтпек.

24 шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысының халықаралық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Кристофер Форд "Мәскеу мен Пекин ғарышты соғыс қимылы алаңына айналдырып үлгерді" деп мәлімдеген еді. АҚШ ғарышта жауапкершілікпен әрекет ету ережесін ұсынып отыр.

"Бұл жиын бізге ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолдарын зерттеуге және жауапкершілікпен қимылдау ережелерін жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз" деді Форд баспасөз жиыны кезінде.

Соңғы рет АҚШ пен Ресей ғарыш қауіпсіздігі мәселесін 2013 жылы талқылаған.

Оқи отырыңыз: Ресей спутникті жоятын қаруды сынақтан өткізді

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз